Гарантии по программе Енбек

Енбек

Талаптар

Кепілдік мөлшері

85% артық емес

Максималды сома

8000 АЕК

Мақсаты

инвестиция; айналым қаражатын толықтыру

Мерзімі

5 жылға дейін

МҮМКІНДІКТІ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

Аз уақытта көп іс тындыруды бастаңыз. Кепілзат жетіспеген кездегі кепілдіктер online.damu.kz сайтында

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Сүйемелдеу

Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі

Ыңғайлылық

Үйден шықпай-ақ кепілдік алуға онлайн өтінім
беріңіз

Жылдамдық

Қор тарапынан қысқа мерзімде кепілдік
қарастыру

Сенімділік

Бізге сенеді. 10 000-нан астам жоба "Даму" Қоры арқылы кепілдік алды

1

Өнімнің сипаттамасы және жалпы шарттары

1. Мемлекеттік қолдауды алушылардың мақсатты сараланымы болып, шағын қалаларды қоспағанда, өз жобаларын барлық қалаларда жүзеге асырушы әрекет етуші кәсіпкерлер есептеледі, салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген орнының есебінсіз

2. Әрекет етуші кәсіпкер – ЕДБ/МҚҰ несие алу мақсатымен жүгінген уақытта жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 жылдан асатын шағын кәсіпкерлік субъектісі. 

3. Кепілдік көлемі – несие суммасынан 50%-нан көп емес, бұл ретте  бастауыш кәсіпкер немесе үшінші тұлға тарапынан несие суммасының 50%-нан көп емес бөлігін өтеуге жеткілікті кепілдік құны қамтамасыз етіледі.

Қамтамасыз ету көлемі жеткілікті болып есептелген жағдайда, шаруашылық серіктестіктердің талап ету құқығы кепілдігі мен жарғы капиталына қатысу үлесі кепілдігі есептелінбейді.

4. Кепілдендіру мерзімі – несие мерзімінен көп емес.

5. Жобаның Қор тарапынан қарастырылу мерзімі – 5 жұмыс күні;

6. Банктер/МҚҰ дербес іріктеу жүргізеді және кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыру жөнінде шешім қабылдайды.

2

Кепілдендірілетін несие бойынша жалпы шарттар

1. Кепілдендіруге Бағдарламаның қалаларында несиелендіру/микронесиелендіру талаптарына сәйкес несие алушы кәсіпкерлер жіберіледі. 

2. Несие суммасы –  кепілдік іске асырылатын бір кәсіпкерге 8000 АЕК артпайды. Бұл ретте несие(-лер) суммасы бір кәсіпкерге онымен үлестес тұлғалардың несиесі (-лері) бойынша берешек есебінсіз есептелінеді.

3. Несиелендіру мақсаттары – инвестициялар және/не жаңа қаражаттарды алу және/не негізгі қаражаттарды жаңғырту және/не айналым құралдарын толықтыру. 

4. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан көп емес.

5. Несие мерзімі – ЕДБ/МҚҰ несиелендіру шарттарына сәйкес. 

6. Кепілдікпен қамтамасыз ету және кепілдік бойынша өтімділік коэффициенті - ЕДБ/МҚҰ кепілдік саясатының талаптарына сәйкес. Бұл ретте қамтамасыз ету көлемі жеткілікті болып есептелген жағдайда, шаруашылық серіктестіктердің талап ету құқығы кепілдігі мен жарғы капиталына қатысу үлесі кепілдігі қабылданбайды.

Кепілдікпен қамтамасыз ету есебі үшін болашақта келіп түсетін және үшінші тұлғалардың кепілдіктеріне рұқсат етіледі.

7. Несие валютасы – теңге.

3

Қарыз алушыға қойылатын талаптар

Кепілдіктер кәсіпкердің және онымен үлестес заңды және физикалық тұлғалардың кепілдік алуға жазбаша түрде жүгінген күніне әрекет етуші теріс несие берешегі болған жағдайда, сонымен қатар Бағдарлама қатысушысының және онымен үлестес заңды және физикалық тұлғалардың кепілдік алуға жазбаша түрде жүгінген күніне соңғы 5 (бес) жыл мерзімде теріс несиелік тарихы болған жағдайда (негізгі қарызды және/не есептелген сыйақыны төлеу бойынша әрбір мерзімі өткен берешек мерзімі 90 күнтізбелік күннен көп мерзімде) берілмейді.

4

Өнім бойынша ерекше шарттар

1. Алдын ала кепілдік хатын жіберу, сонымен қатар кепілдік Келісім-шартына қол қою, Қордың Уәкілетті органы тарапынан кәсіпкердің жобасын мақұлдаған сәттен іске асырылады; 

2. Кепілдендірілетін несие дербес Несие келісім-шарты/несие желісін ашу жөнінде Келісім түрінде рәсімделуі қажет;

4. Қордан алдын ала кепілдік хатын алған сәттен ЕДБ/МҚҰ өз қарастыруы бойынша несие суммасының 50%-на дейін ішінара беруді іске асыра алады;

5. Қор кепілдік Келісім-шартының шарттарын тиісінше орындауды қамтамасыз ету мақсатында, үшінші тұлғалардың кепілдік міндеттерін қабылдауына құқығы бар.

6. Қордың шешімі бойынша, несиеге (лерге) қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын мүлік сақтандыруға тиісті болуы мүмкін;