Cубсидирование проектов в рамках программы жилищного строительства "Нұрлы Жер" для бизнеса

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Бизнесі барларға арналған бағдарламалар

Нұрлы Жер

Бағдарламаның негізгі талаптары

Бағдарламаға қатысушылар

Жеке тұрғын үй салуды жоспарлап отырған және несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуді қалайтын жеке құрылыс салушылар * 

*Бағдарламаға ҚАТЫСА АЛМАЙТЫН кәсіпкерлер :

- ЖК

- құрылтайшысы ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық компаниялар,

- коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде тұрғын үй құрылысы кооперативтер,

- мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты бойынша құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда)

 Жоба   Жоба: Коммерциялық кеңістігінің (бар болса) үлесі жалпы алаңның 40%-ынан аспайтын, аз қабатты тұрғын үй (тұрғын-жай ғимарат) құрылысының жобасы.

Несие сомасы

Шектеу жоқ 

Несие мақсаты

Жоба аясындағы құрылыс, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмысы, жобаны басқару шығындары, авторлық және тех. байқау қызметтері және басқа да жобаны жүзеге асыруға қатысы бар шығындар төленеді. 

Пайыздық мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігі

Несиенің сыйақы пайызының жылдық 7%-ы субсидияланады

Субсидиялау уақыты 

3 жылға дейін

Бағдарламаға қатысатын банктер 

Екінші деңгей банктері, «Даму» Қорының әріптестері

Екінші деңгейдегі банктер жеке құрылыс салушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасынан 5% -дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша несие береді. (мысалы, ҚҰБ-нің базалық мөлшерлемесі 9.25 + ЕДБ-ң 5% маржасы, дәл қазір % -дық мөлшерлеме 14,25% құрайды)»

 «Даму Қоры» АҚ жеке құрылыс салушыларға берілген несиелер бойынша жылдық 7% мөлшерлемесін субсидиялайды

Жеке құрылыс компаниясы төлейтін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7,25% айырмашылығын өтейді

 

 «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау алу механизмі

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

Жеке құрылысшы Банкке жүгінеді

Банк жобаны жан-жақты қарастырады және Банк тарапынан оң шешім ұсынады

Қарыз алушы субсидиялауға өтінім-анкета толтырып қаржы агентіне жүгінеді

Қақржы агенті құжаттарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарыз алушының жобасының осы Ереженің талаптарына сәйкестігін қарайды және оң немесе теріс шешім шығарады.

Қаржы агенті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушы мен ЕДБ-ға қабылданған шешім туралы хаттама (хаттамадан үзінді) жібереді. Егер несиені субсидиялау мүмкін еместігі туралы шешім қабылданса, бас тартудың себебі көрсетіледі.

 Банк Қаржы агентінің шешімі негізінде қарыз алушы және қаржы агенті арасында субсидиялау туралы келісім жасайды

Дей тұрғанмен, құрылыс компаниясы салған баспананың кем дегенде 50%-ын ұсыну керек. Нұр-Сұлтан, Алматы мен осы қалалар маңындағы аумақтарда, Шымкент, Атырау, Ақтауда 1ш.м құны – 260 мың теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде – 220 мың теңгеге дейін

Жеке компания пәтерлерді тікелей сату арқылы, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банк» АҚ, ЕДБ, «7-20-25» ипотека бағдарламасы мен «КИК» АҚ бағдарламалары арқылы өткізеді. 

 

 


Қатысушы банктер

Документтер