Стартапқа арналған краудфандинг

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Краудфандинг

Краудфандинг

Краудфандинг (ағылшынша crowdfunding) — Ұжымдық қаржыландыру әдісі, бұл әдіс бойынша өнімді жасауға деген қаржы тұтынушылардан (салымшылардан) түседі.  Краудфандинг аудиторияны зерттеуге және идея құндылығын бағалауға мүмкіндік береді. 

Өнімнің мақсаты

Ісін жаңа бастаған және бизнесі бар кәсіпкерлерді қолдау.

«Даму» Қорының қолдауы

1) Платформаның талаптарына сәйкес келетін ЖКС өтінімдерін жобаларымен бірге жинау және таңдау;
2) Starttime.kz платформасында орналастыру үшін
ЖКС жобаларына арналған консалтингтік және тәжірибелік қолдау көрсету;
3) платформаның орналасу шарттарына жауап беретін Ж
КС жобаларын іздестіру;
4) Платформада, Қордың Интернет-ресурстарында және бұқаралық ақпарат құралдарында Платформадағы жобаларды орналастырудың мүмкіндіктері мен шарттары
, артықшылықтары туралы ақпараттық материалдар орналастыру;

5) Жобаны іске асыру барысы мен нәтижелерін Қордың Интернет-ресурстары мен STARTTIME-де жариялау.

6) Жоба аясында тараптар жүзеге асыратын іс-шаралар туралы ЖКС қатысушылары туралы краудфандинг алаңына хабарлау;
7) Қордың қаржы құралдарына, оның ішінде мемлекеттік субсидияларға қатысу туралы өтінімдерді ұсыну бойынша ЖКС алғашқы жобаларына көмектесу;
8)
платформада жобаларды насихаттау үшін басқа шараларды ұйымдастыру

Қатысу механизмі

1. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жоба алып барған ЖКС-ке кеңес беру және / немесе краудфандингке ақпараттық-талдау қолдау және жобаны платформаға орналастыру қызметі көрсетіледі.
2. Егер жоба орналастыру шарттарына сай болса, онда
ЖКС платформаға орналастыру үшін құжаттардың толық пакетін жинайды және дайындайды. Құжаттарды жинау және дайындау процесі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарыннда сүйемелденіп, STARTTIME арқылы кеңес беріледі.

3. ЖКС толық дайын болып, STARTTIME талдауы сәтті жасалған жағдайда ЖКС жобасы «Даму Жобалары» санатында орналастырылады.

Құжаттар

 

Краудфандинг платформасына орналастыру туралы өтініш

Жобаларды жариялайтын платформа

STARTTIME.KZ

Толық ақпаратты «ДАМУ» АҚ облыстық филиалынан анықтаңыз

Краудфандинг