"Еңбек" - кредит по низкой ставке для стартапа в Казахстане

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Ісін жаңа бастағандарға арналған бағдарламалар

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Қатысушылар

1) Жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан);
2) Кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам;
3) Ісін жаңа бастаған кәсіпкер;

4) бизнесі бар кәсіпкер;
5) ауыл шаруашылығы кооперативі және олардың мүшелері;

6) шаруа қожалығы мен фермерлік қожалықтар;

7) ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11-бабында белгіленген,  несие алуға өтініш бергенге дейін шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде микро кәсіпкерлік мәртебесін алған зейнеткерлік жасқа жетпеген, қысқартылған қызметкер

Несие сомасы 8 мың АЕК-ке дейін Астана, Алматы, Шымкент, Актау, Атырау қалаларда 
6,5 мың АЕК-ке дейін басқа қалаларда 
Несие мөлшерлемесі 6%-дан көп емес
Несиелендірудің максималды мерзімі 1) Инвестициялауға – 5(бес) жылға дейін;
2) Айналым құралдарын толықтыруға – 3 (үш) жылға дейін
Оқыту Қатысушыларға міндетті түрде «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарынан өту немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерліктің негізін оқығаны немесе сертификат алған күннен бастап қарыз / микронесие алуға өтініш берген күннің алдындағы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткені туралы сертификат болған жағдайда несие беріледі.
Негізгі қарызды және сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезең ЕДБ/МҚҰ шешімі бойынша микронесиелендіру мерзімінің үштен бір бөлігінен көп емес
Рұқсат етіледі Бұрын берілген несиелік ресурстар бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаржы есебінен қайталап несиелендіруге рұқсат етіледі
Келесі мақсаттарды қаржыландыруға тыйым салынады 1) Тұтынушылық мақсаттарға;
2) Алдыңғы мақсаттарды өтеу;
3) Жылжымайтын мүлік сатып алу;
4) Жылжымайтын тұрғын жай құрылысы;
5) Жер учаскелерін сатып алу;
6) Подакциздік өнімдер өндірісі.
7) Қайта қаржыландыру;
8) Бағдарлама қатысушыларының шаруашылық қызметтерінің шығындарын жабу (бұл ретте теріс қаржылық нәтижелері бар Бағдарлама қатысушаларына микронесиелер беруге рұқсат етіледі)
9) Сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) қызметтерін төлеу;
10) Бағдарлама қатысушыларының микронесиелерімен байланысты комиссия, жинақ және/немесе өзге де төлемдерді төлеу;
11) Үлестес/байланысты компаниялардың/тұлғалардың негізгі қаржыларын, активтерін сатып алу
12) Кез келген келісім шарттарды/келісімдерді төлеу
13) Жалған және жасанды мәмілемелерді төлеу.
Ерекше шарттар *** Кәсіпкер Бизнестің Жол Картасы 2020 қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы бойынша Кепілдікті қолдануына болады.
Іс бастауыш кәсіпкер 85%-ға дейін - 8 000 АЕК;
Микронесиелер Бағдарламаның келесі қатысушыларына берілмейді 1) Құрылтайшысы ұлттық басқару холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар болып есептелетін, акцияларының (жарғы капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқару холдингіне, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі (қоғамдық-кәсіпкерлік корпорацияны, сонымен қатар мемлекеттік-жеке серіктестік туралы келісім-шарт аясында құрылтайшы болған кәсіпкерлерді қоспағанда), сонымен қатар меншік түрі жеке мекеме ретінде рәсімделген кәсіпкерлер;
2) Қарыздары бар: 1. мемлекеттік дамыту институттарымен, тұрақтандыру немесе дағдарысқа қарсы қағдарламалар және ҚР Ұлттық қоры, жергілікті атқарушы органдар және микронесиелендіру ұйымдары қаржылары арқылы іске асырылған бағдарламалар аясында ЕДБ; 2. 2015 жылдың 31 наурызында ҚР Үкіметі №168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің Жол Картасы 2020" қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетіліп жатқандарға.
3) "2. Терминдер және анықтамалар" тарауы және "4. бағдарлама қатысушыларының жобаларын қаржыландырудың шарттары" тарауы шарттары мен ережелеріне сәйкес келмейтіндерге;
4) Салықтық қарыздары барларға. Міндетті зейнетақылық салымдары, міндетті кәсіби зейнетақылық салымдары және бюджетке қоғамдық аударымдары бойынша қарыздары барларға. (аталған анықтаманың болмауы Бағдарлама қатысушысының қаржыландыруға өтініш беру күніне 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта берілгенімен мақұлданады);
5) Қару-жарақ өндірісі немесе жеткізуді (оның ішінде қару-жарақ өндірісіне қосымшаларды), құрамында есірткі бар заттар немесе азаматтық айналымнан алынып тасталынған басқа да мүліктерді қарастыратын жобаларды жүзеге асырушыларға;
6) ҚР заңнамасында тыйым салынған террористтік және кез келген өзге қызмет түрімен байланысты қызметтерді қарастыратын жобаларды жүзеге асырушыларға;
7) Ойын бизнесімен байланысты жобаларды жүзеге асырушыларға;
8) Моторлық көліктік құралдарды шығаруды қарастыратын жобаларды қоспағанда, подакциздік тауарларды немесе өнімдерді шығару немесе көтерме саудасын жүзеге асыруды іске асырушыларға;
9) Қиыршықтас және құм карьерін өңдеуге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау кен қазу өнеркәсібінде іске асырушыларға.
Қосымша шарттар 1) Жалпы сомасы 6500 АЕК-нен асатын бір жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше үлестес қатысушыларды қаржыландыруды іске асырмау. Бір жоба болып бір уақытта келесі барлық өлшемдерге сәйкес келетін екі немес одан да көп жобалардың жиынтығы есептеледі: 
                         А) жоба бір объектінің аумағында жүзеге асырылады;
                         Б) жоба бір ЭКЖС сынып тармағының аясында жүзеге асырылады;
                         В) бір жобаны жүзеге асыратын Бағдарлама қатысушыларының арасында қаржы ағыны болады. 
2)   Мемлекеттік меншікте орналасқан жер учаскесіндегі құрылыс жұмыстары жағдайын қоспағанда, бағдарлама қатысушылары арқылы микронесие қаржысы есебінен сатып алынған мүлік/активтер үшінші тұлға атына рәсімделмейді;
3) Егер Бағдарлама қатысушысының контрагентпен жасаған келісім-шартына сәйкес тауарлар және/немесе жұмыстар және/немесе қызметтерді сатып алуға өзге уақыт қарастырылмаған болса, бағдарлама қатысушылары микронесиені немесе оның бөліктерін қаржыландыру күнінен бастап 6 ай ішінде мақсатты тағайындамасы бойынша қолданады;
4) Микронесиелер әрекет етуші үлестес кәсіпкерлердің қызметіне сәйкес ЭКЖС экономикалық саласындағы жобалардың жүзеге асырылуына берілмейді (ЭКЖС сынып тармағы деңгейінде)
5) Бағдарлама қатысушыларын қаржыландырудың өзге шарттары несие берушінің уәкілетті органы шешімімен анықталады.

Документтер