Выставка

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

-->
Басты

«ULTTYQ ÓNIM» көрмесі

2015 жылдан бастап «Даму» қоры «ULTTYQ ÓNIM» отандық өндірушілер көрмесінің ұйымдастырушысы болып келеді.

Осы уақыт ішінде көрменің ел арасындағы даңқы шығып, қазақстандық компаниялар өз өнімдерін көрсетіп, тәжірибе жинақтап, табыстылар өз тарихымен бөлісетін жаңа кең ауқымды алаңға айналды. Көрме отандық компаниялар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және жаңа өндіріс технологияларын енгізуге нақты  баспалдақ болды.

Көрме аясында «Бәйтерек» холдингі мен «Даму» қорының бағдарламалары арқылы мемлекеттік қолдау алған шағын және орта бизнестің азық-түлік, құрылыс, жиһаз, киім, мамандандырылған техника мен жабдықтар, сондай-ақ сувенирлік және полиграфиялық өнімдер сияқты салалары өнімдерін ұсынды. 

Көрменің нәтижелері:

2015 жылы – 80 қатысушы компания, 1000-нан астам адам келген.

2016жылы  – 307 қатысушы компания, 5 мыңнан астам адам келген.

2017 жылы – 350 қатысушы компания, 6000-нан астам адам келген.

2018 жылы  – 8 000- нан астам адам келіп, 347 компания қатысты.

2019 жылы –  15 000-нан астам адам келіп, 500 компания қатысты