info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

25 июля в ЦОПе Петропавловска пройдет презентация программам льготного финансирования в рамках господдержки бизнеса

Анонсы
25.07.2018

25 шілдеде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Даму» Қорының Солтүстік Қазақстан облысындағы ісін жаңадан бастаған және бизнесі бар кәсіпкерлер үшін шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау бағдарламаларының шарттары мен талаптары туралы презентация өтеді. Онда:

• "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы мен «Даму Оптима» бағдарламасына қатысу шарттары;

• «Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қашықтан оқыту жобалары мен бизнесті жүргізуге консультациялық сүйемел жасау.

Банк несиесі бойынша пайыздық мөлшерлеменің көлемін азайту және кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қорының кепілдігін пайдалану, сондай-ақ кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру жайлы біле аласыздар.

Мекен-жайы: Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 191 ғимараты «Даму» Қорының КҚКО, оқу сыныбында, бірінші қабатта. Семинар өтетін күні сағат 15-00 ден 16-00-ға дейін. Телефон байланыс үшін: 8(7152) 55-98-11.