info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Бизнес-фитнес! Прокачай свое дело!» с Сакеном Орадабаевым г. Павлодар

Анонсы
24.10.2017

Құрметті кәсіпкерлер!

Фитнестің адам денсаулығына қаншалықты пайдасы бар екенін, дене бітімін әсем де сымбатты етіп қалыпта ұстап тұратынын білесіздер. Сол сияқты, бизнесте де сәннен қалмай, жаңа техника жайынан хабардар болып, қатардан қалмай жүру керек.

«Даму» Қорында «Бизнес - Фитнес» атты арнайы жобасы бар. Ол жерде ең үздік деген техниканың көмегімен сіздің бизнесіңізге қанат бітіреді.

Сонымен, тек қана 26 қазан күні сізде «ПГУ Венчур» ЖШС директоры Сәкен Ордабаевпен кездесудің сәті түсіп тұр. Ол: «Өз бизнесіңді қалай ашуға болады?» деген тақырыпта дәріс оқиды.

Сакен Ордабаев Кәсіпкерлер палатасында басшылық қызметте болған. Қазір жобалық инвестиция, жобаларға экономикалық және заңдық сүйемелдеу көрсетумен айналысады.

Аталған шара «Даму» Қорының Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирде бірінші рет таралады.

Сіздерді 26 қазан күні 16:30-да Павлодар қаласы, Короленко көшесі, 109 мекен-жайы бойынша күтеміз.

Қатысу – тегін. Орын саны шектеулі

Алдын-ала жазылу үшін: Aigul.Alibekova@fund.kz немесе8 (7182) 703 810, 208 359 телефондары бойынша.