info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

13 ноября «Бизнес-Фитнес! Прокачай свое дело!» в Шымкенте.

Анонсы
07.11.2017

Достар! Бизнесте спорттағыдай қарқынды әрі жүйелі жүктемелер керек. Спортсыз мінсіз мүсін болмайтыны сияқты, Бизнес-фитнессіз де тұлғаға айналу қиын.

Сондықтан да 13 қараша күні Шымкентте өтетін «Бизнес-Фитнеске» келіңіз.


Бұл жолғы қонағымыз Бауыржан Дауей. «Дау-Мед» медициналық орталығының негізін салушы және директоры, «Даму» Қорының клиенті.

Бауыржан Дауей – тәжірибелі хирург, шетелде тәжірибеден өткен және хирургиялық дәлдікпен өз бизнесін құрған, сонымен бірге экономикалық дағдарыс кезеңінде бизнес табысын екі есеге ұлғайтқан.

Кездесу барысында қатаң бәсекелестік және дағдарыс жағдайында сескенбестен және үрейленбей қалай бизнеске кірісу керектігін біле аласыздар.

Шеберлік сабағынан соң өз бетінше өз мүмкіндігіңіз бен бизнесіңізді зерттеуді үйренесіз. Пайдалы білім нәрімен сусындап, өз ісіңізді қолға аласыз.

Сонымен қатар Бауыржан Дауей тәжірибелі хирург және бизнесмен ретінде жеке тағлымдама береді.

Сіздерді: 13 қараша сағат 11:00-де мына мекен-жай бойынша күтеміз: Шымкент қаласы, Байтұрсынов к-сі, 88 В, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» Қорының Аймақтық филиалы.

Назарларыңызға, «Даму» Қорының КҚКО өтініш бергендер ғана қатыса алады.

Назарларыңызға, «Даму» Қорының КҚКО өтініш бергендер ғана қатыса алады.

Қосымша ақпарат мына тел. бойынша: 8/7252/99-70-49, +7 701 836 52 76

Сурет www.otyrar.kz сайтынан алынды.