Құрметті Шымкент қаласының кәсіпкерлері!
Сіздерді табысты кәсіпкермен "Бизнес-фитнес! Өз ісіңді шынықтыр!" атты кездесуге шақырамыз.
2019 жылдың 4 қыркүйегі сағат 10.00-де «Даму» Қорының Шымкент қаласындағы филиалында кәсіпкерлерге арналған қарым-қатынас форматындағы кездесу өтеді.
Біздің «Бизнес-фитнесіміз» сіздің бизнесіңізді тонусқа келтіруге, түрлендіруге, сау және мықты етуге, сондай-ақ өз пайдасын табуға мүмкіндік береді.
Бұл жолғы арнайы қонақ – табысты кәсіпкер, коуч, «Асыл Арман» корпорациясының президенті және Шымкент қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрағасы - Алма Архабаева.
Алма өзінің жетістігінің тарихын айтып, бизнес ашу және жүргізу жөнінде өз құпияларымен бөліседі.
Бизнес-фитнес өткеннен кейін Сіз:
* Бизнесіңіздің саласын анықтайсыз, нарық үшін бірегей ұсыныс жасайсыз.
* Бизнес ашу үшін толық бизнес жоспарыңыз болады.
* Өзіңіздің маркетингтік стратегиясын жасайсыз.
Сонымен қатар, өз-өзіңізге деген сенімділікке ие боласыз, сіздің стартапыңыз табысты болады және сіз өз арманыңызды жүзеге асырасыз.
Сізді 2019 жылдың "04" қыркүйегінде сағат 10:00-де күтеміз. Іс-шараға қатысу тегін, тіркелу міндетті.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарлассаңыз болады: 8-777-154-00-53, 8 /7252/ 99-70-49
#Бизнес_фитнес #Өзіңді_шынықтыр #Damu