info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

В Кызылорде откроется «Клуб финансовой грамотности»

Анонсы
06.02.2018

       7 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық кітапханасында «Қаржылық сауаттылық клубының» ашылу салтанаты өтеді.

 Іс-шараға «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының жолдауын талқылау  үшін Қызылорда облысындағы екінші деңгейлі банктер мен жастар ұйымдарының өкілдері және КҚО «Даму» аймақтық филиалының өкілдері шақырылды.

               Іс-шараның мақсаты:шағын және орта бизнес өкілдері мен зейнеткерлерге, жастар мен жұмысшы азаматтарға қаржылық сауаттылық тұрғысында тегін ақыл-кеңестер беру. Яғни, азаматтарды несие алу мен өзге де қаржылық операциялар барысында қателіктерден сақтандыру.

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

Өткізілетін күні мен уақыты: 7 ақпан, сағат 10:00 -13:00 дейін.

Байланыс телефон: +7 7242 55 11 18

Электронды адрес: damu@list.ru