info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қорының Павлодар облысы бойынша филиалы 2016 жылды қорытындылады

Жаңалықтар
18.01.2017

Осы уақыт аралығында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың біріңғай бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде кепілдендіру бағыты бойынша жалпы сомасы 168 млн теңгеге 23 жоба мақұлданып, субсидиялау бағыты бойынша жалпы сомасы 6 млрд теңгеден астам 45 жобаға қол қойылды.

2016 жылы субсидиялау құралы бойынша жалпы сомасы 19 млрд теңгенің құрайтын 183 жоба мақұлданды. Кепілдендіру құралы бойынша жалпы сомасы 1 871,5 млн теңгеге 70 жоба және кепілдендіру сомасы 939 млн теңгені қор мақұлдады. Кепілдендіру бойынша жалпы сомасы 841 млн теңгеден астам 60 жобаға қол қойылды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Кәсіпкерлікті қолдау мобильді орталығы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша 1 364 кеңес берді. Сондай-ақ заңдық, маркетинг, бухгалтерлік есепке алу салалары бойынша да кеңестер берілді. 29 бизнес-жоба жасалып, қордың қаржы құралы бойынша қолдауын алса, 8 жоба екінші дәрежелі банктерге дейін жетті.

2016 жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында және Кәсіпкерлікті қолдау мобильді орталығында 7 823 кеңес беріліп, қызмет көрсетілді. Жүзден астам бизнес-жоспар жазылды, 61 ЖШС, ЖК ашылды, 38 жоба банктерге жетті және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау алды.

«Жаңа бизнесті қолдау және ашу» бағдарламасы шеңберінде 20 адам оқып шықты. «Студент жастардың кәсіпкерліктік бастамаларын қолдау» жобасы аясында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 20 студенті оқыды.

2016 жылы «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау», «Жаңа бизнесті қолдау және ашу» жобалары бойынша 80 адам оқып шықты. Олардың арасында 16 адам ЖК, ЖШС болып тіркелді.