info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Петропавлда «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасына қатысушылардың бизнес-жоспар байқауы өтті

Жаңалықтар
21.06.2017

20 маусымда «Даму» қорының Петропавл қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы аясында Бизнес-жоспарлар байқауында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қысқа мерзімде оқып және консультациялық сүйемелдеу алғаннан кейін өздерінің Старт-ап жобаларының тұсаукесерін өткізді.


Оқуды «Business Masters» ЖШС компаниясының жоғары білікті бизнес-жаттықтырушылары өткізді.



Оқыту барысында қатысушылар өз ойларындағы бизнес-үлгісін жасауды үйренді, қаржылық жоспарлау, ресурспен қамтамасыз ету сияқты ұғымдармен танысты, өндіруге қатысты шығындарды жоспарлау және бастапқы капиталды санауды үйренді.


Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында оқуға қатысқандарды кәсіпкерлік қызметке дайын екендігін бағалауға, келіссөздер дағдыларын игеру, өз өнімдерін жылжытудағы әдістер мен құралдарды ұғынуға үйретті, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының шартымен толықтай таныстырды.


Білікті қазылар алқасы және потенциалды инвесторлар алдында бизнес-жобаларды сәтті таныстыру - оқыту мен кеңестік-тәжірибелік қолдаудың нәтижесі.