info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Атырауда «Студенттік жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы бойынша оқытудың екінші кезеңі аяқталды

Жаңалықтар
31.05.2016

«Даму» Қоры мен ЖШС «APEC PETROTECHNIC жоғарғы техникалық мектебі» оқу орны арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөнінде қол қойылған Меморандум аясында «Студенттік жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы бойынша оқытудың екінші кезеңі аяқталды.

Жоба мақсаты 18-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының студент жастары арасында өз бизнесін құру және дамыту, кәсіпкерлікті және жеке құзіреттілікті қалыптастыру жолы арқылы кәсіпкерлік мүмкіндікті кеңейту болып табылады.

Колледж аясында «Сармат Инжиниринг» консалтингтік компаниясының бизнес-тренерлері Әнуар Жұмабай және Ержан Нұршанов алты күн ішінде дәріс жүргізді.

Олар студенттерге кәсіпкерліктің психологиясы, бизнес жүргізуде заңдық және қаржылық аспектілер, менеджмент, маркетигтік қызмет, бизнес-жоспар құру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдылары жөнінде түсіндірді.

Оқу соңында студенттерге сертификаттар табысталды.