info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Көкшетау қаласында «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» бағдарламасының аясында жобалардың іріктеуі өтті

Жаңалықтар
30.05.2016

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінің 20 студенті «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» бағдарламасының аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыды.

5 күн ішінде жүргізілген ЖОО жанындағы оқу кезінде бағдарламаға атсалысқан студенттерде бизнес саласында өз білімдерін толықтыру және жетілдірудің бірегей мүмкіндігі болды.

Жоба соңында қатысушылар байқау комиссиясының алдында өз бизнес-идеяларын таныстырды. Бизнес-жобалардың арасынан қазылар алқасы мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту орталығы, ешкі сүті өндірісі мен кәдесый бұйымдарының полиграфиялық дизайн өндірісін ашу сияқты идеяларды ұнатты. Жақсы жобалардың жетекшілеріне тәжірибелі кәсіпкер-тәлімгерлерді бекітті. Олар кәсіпкерлікке баулып, жеке тәжірибелерімен бөліседі.

Осындай бағдарламалар қатысушыларға бизнесті жүргізу саласында жаңашылдыққа тартып, нәтижелі техниканы игеруге, алған білімін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.