info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері «Жас студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы бойынша оқудан өтті

Жаңалықтар
13.05.2016

Петропавлда «Жас студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы бойынша оқытудың екінші кезеңі аяқталды. Оның аясында «Даму» қоры филиалы мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттің арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Жобаға қатысуға ЖОО 20 студенті өтінім берді. Алты күн бойы ЖШС «BusinessMasters» консалтингтік компаниясының жоғары білікті бизнес-тренерлері ЖОО жанында оқу өткізді.

Студенттер «кәсіпкердің психологиясы», «бизнесті жүргізудің заңдық және қаржылық аспектілері», «менеджмент», «маркетингтік қызмет», «бизнес–үлгілеу және тәжірибелік бизнес-жоспар жасау» және т. Б тақырыптар бойынша дәріс тыңдады.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті ақпараттық технологиялар факультетінің магистранты Рауан Шоткин да квадрокоптердің көмегімен аэро-бейне түсірілім қызметтері жоспарын ұсынды. Оның айтуынша, жас студенттерге осындай бизнес-тренингтер қажет және өте өзекті.

Оқыту аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Келесі кезеңде конкурстық іріктеуді жүргізу жоспарланады. Оның нәтижесі бойынша үздік бизнес-жобалардың авторлары «Жетекшілік» компонентіне қатыса алады. Одан әрі тәжірибелік онлайн-оқудан өте алады. Сонымен қатар гранттық қаржыландыруға арналған өтінімді беруге және мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдікпен қаржыландыруға сұраным бере алады.