info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

5 мамыр күні Павлодарда облыстық «Достық үйі» орталығында кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша іс-шара өтті

Жаңалықтар
12.05.2016

Оған экономиканың әртүрлі салаларында қызмет атқарып жүрген 40 шақты кәсіпкер шақырылды.

Кездесу Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ә. Е. Әбдіқадыровтың жетекшілігімен өтті.

Алғы сөзді Павлодар облысының әкімінің орынбасары Н. В. Дычко алып, әрі қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті ДСҰ-ға кіру жөніндегі басқармасының басшысы Самал Жарылғасынқызы «Кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау, соның ішінде ДСҰ-ға Қазақстан Республикасының қосылуы бір бөлігі ретінде» деген тақырыпта баяндама жасады.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі инвестициялық іс-шараларды ұйымдастыру басқармасының басшысы Гүлнар Мұратбекқызы Түлеубекова «Инвестиция үшін мемлекеттік қолдау», «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры Бауыржан Сұлтанмахмұдұлы Алин «Индустриялық-инновациялық жобалар қолдау», ««NADLoc» жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі» АҚ идеология жергілікті қамтуды және жүйесін дамыту орталығының директоры Әсемгүл Асылбекқызы Балықбаева «Отандық тауар өндірушілерді қолдау», «Қазақстан индустриясын дамыту институты» АҚ қолдау құралдары орталығы директорының орынбасары Диас Серікұлы Серіков «Индустриялық- инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды реттеу», «Қазақстан даму банкі» АҚ аға банкирі Владимир Евгеньевич Ли «Несие құралдары және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу», «KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ жетекші маманы Мәди Саятұлы Канафин «Экспортты мемлекеттік қолдау» тақырыбында баяндама жасады.

Шара соныңда кәсіпкерлерді Павлодар облысы бойынша «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту Қоры аймақтық филиалы директоры Ерқанат Қайратұлы Әбеновтің «БЖК 2020» бағдарламасы аясында несиенің төмен пайыздары туралы баяндамасы мен таныстырылымы қызықтырды.

Іс-шара барысында Павлодар облысының кәсіпкерлер өздерін толғандырған барлық сұрақтарға жауап алды.