info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Өскеменде «Жаңа бизнес ашуға қолдау көрсету» бағдарламасы аясында тренинг өтті

Жаңалықтар
17.03.2016

Өскемен қаласының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Жаңа бизнес ашуға қолдау көрсету» жобасының аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін үш күндік оқыту өтті.

Кәсіби бизнес-тренер Дастан Оқасов тренинг қатысушыларына бизнес жүргізудің экономикалық қырлары, кәсіпкерлік психологиясы, маркетинг және бизнес-жоспарлау негіздері туралы айтты. Сондай-ақ іс бастаушы кәсіпкерлер ұжыммен қалай жұмыс істеу керектігін және бизнес құрудың бастапқы кезеңінде оның қай түрде, яғни ЖШС немесе ЖК түрінде жүргізу тиімді екендігін білді.

Биылдан бастап «Даму» Қоры Кәсіпкерлік құзыреттерін көтеруге арналған бірыңғай бағдарламасының аясында «Жаңа бизнес ашуға қолдау көрсету» жобасы бойынша тренингтер өткізуге кірісті.

Жоба жастардың кәсіпкерлік әлеуетін ашуға көмектесуге бағытталған. Мақсаты - табысты бизнес құру және кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдауды міндетті түрде пайдалана отырып, қаржы көздеріне қолжетімділігін кеңейту болып табылады. ШОБ субъектілерінің санын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру - осы жоба тиімділігінің негізгі талаптары.