info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттің студенттері «Студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы бойынша оқудан өтті.

Жаңалықтар
14.03.2016

Петропавлда «Студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» оқыту жобасы бойынша бірінші кезең аяқталды. Шара аясында «Даму» қорының аймақтық филиалы мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жобаға қатысуға оқу орнының 20 студенті өтініш берген. «Business Masters» ЖШС консалтингтік компаниясының білікті бизнес-тренерлері 6 күн бойы оқу орнының базасында тренинг өткізді.

Студенттер «кәсіпкерлік психологиясы», «бизнес жүргізудің заңдық және қаржылық аспектілері», «менеджмент», «маркетингтік қызмет», «бизнес–үлгілеу» және «бизнес-жоспарды тәжірибеге сүйене отырып жасау» тақырыптарын қаузады.

Оқудың екінші кезеңінде байқау-іріктеу өткізіліп, соның нәтижесі бойынша үздік бизнес-жобалардың авторлары «жетекшілік» бөліміндегі тағылымдамадан өте алады. Сонымен қатар, тәжірибелік онлайн-оқуға қатысып, гранттық қаржыландыруға және мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдікпен қаражат алуға сұраным бере алады.

Тренингтен өткен студенттерге арнайы сертификаттар тапсырылды.