info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Шағын азық-түлік дүкенінен үлкен құрылыс-материалдар маркетіне айналған бизнес

Жаңалықтар
14.02.2017

Жеке кәсіпкер Гүлзира Сейдаханова жұбайы Дулатпен 2007 жылдан бастап саудамен айналыса бастады. Алғашында қолда бар ақшасына шағын, тұрғын үйде орналасқан азық-түлік дүкенін ашқан.

Кейіннен қор жинай келе құрылыс-материалдар дүкенін жалға алып, 2008 жылы оны сатып алды. 2012 жылы бұл дүкенді сатып, музыкалық училишенің бұрыңғы ғимаратын сатып алып, 2013 жылы күрделі жөндеуден өткізіп, құрылыс-материалдар дүкені етіп ашады.

Қазіргі кезде «Нұрәли» дүкені Арқалық қаласындағы құрылыс материалдарын сататын ең ірі сауда орындарының бірі. Мұнда лак-бояу бұйымдары, линолеум, түсқағаз, бөлме-аралық есіктер, цемент, шпаклевка, түрлі құрал-саймандар және құрылысқа арналған тағы басқа да қажетті материалдар сатылады.

Сейдахановтардың отбасылық бизнесі 7 адамды жұмыспен қамтып, лайықты еңбекақы төлеп отыр. Гүлзира бухгалтерияны жүргізсе, ал Дулат қойма меңгерушісі ретінде есеп жүргізеді. Қажеттілік туындаса ерлі-зайыптылар өздері сатушы орнына да тұра алады.

Сейдаханова Гүлзираның кәсіпкерлік нысаны ШОБ субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасы бойынша 8,5%-бен, яғни жеңілдікпен мақұлданған алғашқы жоба. Алғашында жобаны «Халық Банкінің» Қостанай филиалы қарастырған. Сонымен бірге, жоба облыстың ең алыс аймақтарының бірі - Арқалық қаласында орналасқаны туралы айта кету қажет.

Сонымен қатар, «Даму» Қорының несие сомасының 50%-ына берген кепілдігі де үлкен көмек болды. Несие қаражаты тауардың көлемін және түрін арттыруға мүмкіндік берді.

Жақында кәсіпкер «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша демеуші болып, Арқалық қаласынан Рифат Амакачевқа қаңылтыр жұмыстар үшін айналым материалдарын сатып алуға көмек көрсеткен.