info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мойылды мемлекеттің қолдауымен дамып келеді

Жаңалықтар
11.12.2018


фото 5.jpg
«Мойылды» шипажайының тарихы бай. Сауықтыру орны емдік қасиеті бар Мойылды көлінің жағасында орналасқан. Бағзы замандарда емделгісі келген жандар мұнда палата ретінде киіз үй тігіп суға түсетін. 1912 жылы Славцов атты көпес көл жағасына балшық ваннасын орнатып, ақылы  қызмет көрсете бастаған. Ал 1922 жылы Кеңес өкіметі құрылған кезде Мойылды Павлодар қалалық денсаулық сақтау басқармасының қарамағына берілді. Бірте-бірте курортты аймақ түрленіп, тәулігіне елу адамға дейін қабылдай алатын балшық ванналары қалпына келтірілді. 
фото 6.jpg
1928 жылдан бастап «Мойылды» балшықпен емдеу орны дамып, тәулігіне 250-ден астам адам қабылдай алатын жағдайға жетті. Әдемі саябақ, қонатын үйлер көбейді. Шипажай өркендеуінің шырқау шыңы 80-жылдар еді. Сол жылдары шипажайда қонатын 6 блок салынып, ашық террасса мен жазғы асхана, спорт және ойын алаңдары, би алаңы, кең қойма және тағы басқа да құрылыс нысандары салынды. Санаторий аумағында баубақша қолға алынып, туристердің жазғы демалысы үшін құрастырылған фин үйлері бар ауыз су, кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген қалашық пайда болды. Мұнда келген демалушылар отбасыларымен де, ұжыммен де орналаса алады. Сондай-ақ жеке көлік паркі, көлік шеберханасы да болды. Шипажай 1800 адамды қабылдай алатын. Сондықтан ол Қазақстандағы ең үлкен және Кеңес Одағындағы ең ірі  шипажайлардың бірі болып саналды.
фото 4.jpg
90-жылдар - Павлодар қаласының шипажайы тарихындағы кері кеткен уақыт еді. Он жылдан астам уақытқа дейін курорттың материалдық-техникалық базасы жаңармады. 2005 жылдан бастап «Мойылды» шипажайының екінші тынысы ашылды. Ал 2013 жылдан бастап санаторий мемлекеттік қолдау түрлерін белсенді түрде пайдалана бастады.
фото 1 (2).jpg
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 900 млн теңгеден астам төрт жоба қажыландырылды. Несиенің арқасында қосымша шипажай ғимараттары, жаңа жиһаздар, жабдықтар, дәрі-дәрмек және т.б. керек-жарақтар сатып алынды. 14%-бен берілген несиенің 7%-ын мемлекет субсидиялайды.
фото 3.jpg
Қазір мемлекеттік қолдаудың арқасында Мойылды әртүрлі ауруларға арналған  кешенді қызметтер ұсынатын заманауи шипажайға айналған.