info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Алакөл. «MARSELL» демалыс орны шақырады

Жаңалықтар
04.06.2019

Жадыраған жаз келді. 

Енді екінің бірін «қайда барып демалсам» деген сұрақ мазалайды. Отандық туризмге үлес қосам деушілер мен Алакөлдің шипалы суына шомылғысы келетін жандар үшін жақсы жаңалық айтайық. Ақши ауылында былтыр ғана «Marsell» деп аталатын демалыс орны ашылған. 

2002 жылдан бері саудамен айналысқан кәсіпкер Соня Ивановна Триандофилиди бизнесте бағыт өзгерту туралы шешім қабылдап, 2016 жылы дүкенін сатып, Алакөл ауданынан демалыс орнын салу үшін жер телімін алған. 

«Центр Кредит Банктен» «Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңіл несие алдық. «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кепіл болды. Бұл қаражатқа Алакөл көлінің жағасынан 16 бөлмелі, 2 қабатты тағы бір ғимарат салуды жоспарлап отырмыз» - дейді кәсіпкер Триандофилиди. 

 159.jpg

Қазір мәдени-сауық кешенінде 5 ғимарат бар. Оның ішіне: отбасылық 8 бөлмелі «Family plus» типті 4 корпус, 8 бөлмелі «Standart plus» 1 ғимараты және «Family plus» санаттағы 4 бөлме кіреді. Қосымша ғимарат құрылысы аяқталған соң келушілер саны 132 адамға дейін жетеді. Жағалау кешеннен 100-ақ метр жерде.

Мекенжайы: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылы, 125 жер телімі

87022346058; 87770991042