info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен Павлодарлық компания керамзит өндіру бастады

Жаңалықтар
07.06.2019

«Өз үйім, ақ сарайдай боз үйім» дейтін халқымыз баспанасының іргесі мықты, шаңырағы берік болуы ғана емес, әсем де болғанын да қалаған. Қазір үй салатын материалдардың түр-түрі болғанмен, олардың бәрін сапалы құрылыс материалы деуге болмайды. Құрылыс-өңдеу материалдарына қойылатын барлық талаптарға сай келеді деп «Деколит» ЖШС компаниясының өнімдерін атауға болады.

фото деколит 7-min.jpg

«Деколит» ЖШС - Павлодар облысында құрылыс-өңдеу материалдарын шығаратын, сондай-ақ 2001 жылдан бері пластик терезелер өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын қарқынды дамып келеді. Қазір қасбет, интерьер және тротуар плиткалардың 40-тан астам түрін шығарады. Олардың әрқайсысының 2-ден 10-ға дейін түсін қамтиды.

2018 жылы компания керамзит өндіру желісін де іске қосты. Керамзит - қабырғаларды, едендерді, шатырларды жылы ұстау үшін қолданылатын экологиялық таза, берік, жеңіл материал. Сондай-ақ керамзит жеңіл бетон дайындау үшін қолданылады. Желіні іске қосу өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында, «Сбербанк» АҚ ЕБ берген алты пайыздық несиенің арқасында мүмкін болды.

 

http://www.dekolit.kz