info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму-Оптима» бағдарламасы қарқын алып келеді

Жаңалықтар
27.06.2017

Надежда Губинская 2003 жылы «әмбебап-шебер» мамандығы бойынша Семей қаласындағы «Заман» колледжін бітіріп, бірден жұмысқа орналасады. Тәжірибе жинақтаған соң «Айя» сауда үйінде шаштараз салонын жалдап, мамандарды жұмысқа өзі қабылдауды ұйғарады. Өзі бір жағынан шаштараз әрі әкімші қызметін қатар алып жүрді.

2010 жылы Надежда ресми түрде жеке кәсіпкерлік тіркеп оны жолдасы Губинский Василийдің атына жазады. Себебі құжаттармен Николай айналысуы керек еді.


2013 жылы «Айя» «Жаңа Көктем» сауда үйіне көшеді. Төрт мамандарды жұмысқа алып, Василий шаштаразды жарнамалау жұмысымен айналыса бастайды. 4 жылдан кейін ерлі-зайыптылар интернеттен Семей қаласындағы «Энергетик» микрорайонында шаштараз сатылатыны туралы хабарландыруды көреді.


Надежда жобаның келешегі бар деп шешті. Оған қоса орналасқан жері өтімді болды. Бұрынғы қожайындар өзге елге көшетін болғандықтан сатуға мәжбүр болған. Жақын маңда бірде-бір шаштараз салоны болған жоқ.

Василий Семейдегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, мамандар оған «Даму-Оптима» жаңа кепілдеме бағдарламасын пайдалануды ұсынды. Василийдің кепілі қаладағы банк талабына сай келмеді. Сондықтан бұл жағдайды шешуде бір ғана амал – сатып алынатын қимаратты кепілге қою болды. Ал қалғанын «Даму» Қоры мойнына алды. Қаржы агенті клиентке бизнес-жоспар жасап, лайықты ЕДБ таңдап берді. Кклиенттің депозиті болғандықтан және қызмет көрсетуі ұнағандықтан «БанкЦентрКредитті» таңдады.

Бірақ, тағы бір кедергі туды. Сатып алынатын шаштараздың кондоминиум құжаттары болмаған. Василий сабыр сақтап, барлық көршілерді аралап, қолдарын қойдырып, бір айда барлық құжаттар дайын болды. Бірнеше жұмыс күні ішінде Банк несиені мақұлдап, Қорға кепілдеме құжаттарды берді.