info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қостанайда «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіпкер сауда көлемін арттырды

Жаңалықтар
27.08.2019

Күзембаева Әсем көп жылдардан бері ұялы телефондар мен аксессуар сатумен айналысады. Ол кез-келген кәсіпкер сияқты үнемі алға ұмтылып, тұтынушыларға ұялы телефонның көп түрін ұсынуды армандады. Әсемнің сауда нүктелері Қостанай қаласының дәл орталығындағы Оорталық әмбебап дүкенде орналасқан. Яғни адам аяғы көп жерде сауда да жақсы болары анық. Ал ол үшін тауар түрі де көп болуы керек. 

«Енбек» бағдарламасының арқасында биыл қыста Әсем айналым қаражатын толықтыру үшін АТФ банктен жылына 6%-бен (ұялы телефондар сатып алуға) жеңіл несие алды.

Жастығына қарамастан, Әсемді тәжірибелі кәсіпкер деуге болады. Ол біліктілігін көтеруге ықпал ететін бірде-бір шараны өткізіп алмауға тырысады.

Кәсіпкер жаңадан іс бастаушыларға пайдалы кеңес беруден де қашпайды:

  • 1) Тәртіп - алға жетелейді. Тәртіп нәтиже береді. Егер сіз жүйелі түрде спортпен шұғылдансаңыз және дұрыс тамақтансаңыз - денсаулығыңыз жақсарады, сергек боласыз. Ал үнемі жобаңыз бойынша жұмыс істесеңіз сыйақы аласыз. Жүйелі түрде қатемен жұмыс істесеңіз шалыс басатын тұстарыңыз азаяды. Бизнестегі тәртіптілік сәттілікке, ақша мен дамуға алып келеді. Тәртіп өзін-өзі бағалау сезімін арттырады. Кейде өзіңе деген мақтаныш сезімі артады, жұрт та құрметтей бастайды. Өзіңізді тәрбиелеңіз, шеберлігіңізді арттырыңыз, жеңімпаз болыңыз, жоспарды жүйелі түрде ұстанып, үдесінен шығуға ұмтылыңыз. Сонда сәттілік айналып өтпейді.

  • 2) Ниеті түзу адамдармен араласыңыз. Сіздің мақсаттарыңызды қолдайтын, түсінетін және бірге ұмтылатын адамдармен, сондай-ақ сізді шабыттандыратын және қызықтыратын салаларда жетістікке жеткен адамдармен араласыңыз. Бұл арқылы біз әдеттегі шектеулі ойлау тәсілімізді өзгертуге, ескі мінез-құлық ережелерін жоюға және өмірімізді жоғары сапалы деңгейге көшіруге көмектесетін жаңа қарым-қатынас шеңберіне ие боласыз.

  • 3) Күніңізді армандаудан бастаңыз. Кез келген бизнестегі басты мәселе - дұрыс көзқарас. Егер сіз сәттілікке сенімді болсаңыз сәтсіздіктер сізді қайғыға батырмайды. Жетістікке жету оңай шаруа емес, бірақ оған күш салу да керек. Күнде таңертең өзіңізге жетістікке жетем деп іштей мақсатыңызға жететіндігіңізді қайталаңыз. Өз арманыңызды елестетіңіз. Жетістікке жету жолыңыз туралы егжей-тегжейлі елестетіңіз.

Даму Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз.