info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Әдемі» сұлулық салоны – Өскемендің сұлулар үшін

Жаңалықтар
05.09.2019

«Әдемі» сұлулық салоны – косметолог, шаштараз, кірпік жалғау, татуаж, шугаринг және nail-индустрия сияқты салалар бойынша түрлі қызмет көрсететін жоғары санатты 10 шеберден тұратын команда. Ресми түрде 2017 жылы ашылған салон «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Даму» Қорының кепілдігімен Шығыс Қазақстан облысында мақұлданған алғашқы жобалардың бірі.

WhatsApp-Image-2018-12-31-at-14.00.51.jpeg 

- «2009 жыл еді. Әр істің басын бір шалып жүріп біз осы бизнеске тоқтадық. Қайынбикемнің шаштаразы бар болатын. Сондықтан бұл істің барлық түйткілін жақсы білдік. Пәтер сатып алып, оны бизнеске лайықтап қайта жөндедік. Сөйтіп, 3 шебер жұмыс істейтін «Әдемі» шаштаразы мен маникюр үстелі пайда болды. Клиенттер арасында тез танымал болдық. Міне, 10 жыл бойы Өскемен қаласының сұлуларына қызмет көрсетіп келеміз, - дейді кәсіпкер Шынтымирова Жанар Кенжеғалиқызы.

WhatsApp-Image-2019-01-04-at-12.17.22-1.jpeg 

2017 жыл келді. Жанардың бизнесі гүлденген кез. Қаржы жиналып, оны тағы бір бизнеске салу қажеттігі туды. Осы мақсатта Қ. Сәтпаев даңғылынан пәтер сатып алынды. Бірақ Жанар тағы бір шаштараз ашқысы келмеді. Енді толыққанды сұлулық салоны болуы керек еді. Бірақ бұл үшін әлі де инвестиция қажет еді.

WhatsApp-Image-2019-01-04-at-12.17.23.jpeg 

Жанар "Даму" қорының 60 айға 2 100 000 теңге мөлшерінде кепілдігімен «Нұрбанк» АҚ арқылы, "2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік" бағдарламасы аясында 6 550 000 теңге көлемінде жаңартылмайтын несие желісі мақұлданды.

Алынған несие қаражатын жылжымайтын мүлікті жөндеуге, аумақты абаттандыруға және құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсады. Пәтерді 85 шаршы метрге дейін кеңейтті. Кірберіс жасады. Жаңа бизнес орнын да қызының атымен атады. Осылайша «ЖК Чинтимирова Жанар Кенжегалиевна» «Еңбек» бағдарламасы аясында бірден екі қолдау құралын пайдаланып, өз бизнесін кеңейте алды.

 

Байланыс: ҚР, ШҚО. Өскемен қ., Қ. Сәтпаев даңғ., 20, №92. Телефон: 8 777 411 01 70