info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Семей механикалық зауыты - құрылыс кластерінің маңызды элементі

Жаңалықтар
09.09.2019

«Семей механикалық зауыты» ЖШС жанынан ұнтақтап-сұрыптау кешенін құру идеясы компания басшылығына 2017 жылы келді. Зауыттың өзі құрылыс-өндіріс бағытында теңдесіз буын. Бұл бағытқа аталған зауыттан басқа «СемАЗ» ЖШС және «Фирма Азия» ЖШС та кіреді. Зауыт ұзақ жылдар бойы «СемАз» ЖШС құрастырған Shaanxi MAN шанақ өндіру желісінің кластері болды. «Семей механикалық зауыты» ЖШС осы техника үшін шанақ жасап шығарып келді. Сондай-ақ 2007 жылы «Фирма Азия» ЖШС тұрғын үйлер мен мәдениет нысандарын салу кезінде өз мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін темір бетон бұйымдары зауытын салды. Сөйтіп «Семей механикалық зауыты» ЖШС үшін жаңа бағыт ашылды. Енді ол «Фирма Азия» ЖШС шикізат жеткізушісіне айналды.

IMG-20190902-WA0044.jpg

ТБИ үшін шикізат ұзақ уақыт бойы кенсіз материалдар комбинатынан сатып алынды. Бірте-бірте компания басшылығы бұл салада шикізатты өз күшімен өндіруді ұйымдастыра отырып, айтарлықтай үнемдеуге болады деген пікірге келді. Алдымен компания гравий өндіру үшін карьерді меншігіне алды. «Қазақстан Халық банкі» АҚ-дан алынған 70 000 000 теңге көлеміндегі несие қаражат есебінен ұсақтау-сұрыптау кешені сатып алынды. 2017 жылы жоба бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 7% көлемінде субсидия мақұлданды. Алайда, кейіннен компания бұл аз екенін түсінді. Кешеннің жұмыс істеуі үшін оны тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет еді.

IMG-20190902-WA0046.jpg

- Біздің ұсақтау - сұрыптау кешенен 200 метр қашықтықта «Өндіріс» еркін экономика аймағы орналасқан. Сондықтан бірінші кезекте біз кешеннің барлық инфрақұрылымын осы аймақтың аумағына кіруі үшін «Ертіс» ӘКК-не жүгіндік. 2 ай ішінде коммуникацияны жүргізуге және жер учаскесін жалға алуға барлық рұқсат құжаттарын алды. Мұндай жылдамдық өте ыңғайлы болды, өйткені ұсақтау-сұрыптау кешенінің қызметкерлеріне шаруашылық үй-жай қажет еді. Бірақ көп қаражат та қажет болатын. Сол кезде біз Jýsan Bank арқылы барлық несие міндеттемелерін қайта қаржыландырдық және 140 000 000 теңге көлемінде жаңа несие желісін аштық. Әрине, жоба бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға да құжат тапсырдық. Өйткені, іс жүзінде бұл бағытта мемлекеттен қолдау бар екенін білеміз, - дейді «Семей механикалық зауыты» ЖШС директоры Бахаев Нұржан Амангелдіұлы.

IMG-20190902-WA0045.jpg

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 14%-дық несиенің 5,6%-ы субсидияланды. Бүгінде компанияның ұсақтау-сұрыптау кешені күн сайын 300 тонна қиыршық тас, 700 тонна құрылыс құм және 500 тонна қиыршық тас өндіреді. Өнімнің басым бөлігі «Фирма Азия» ЖШС еншілес компаниясына жеткізіледі, темір-бетон бұйымдарын өндіру үшін пайдаланылады, оларды кейіннен компания Семей қаласында стратегиялық маңызды мәдени-ойын - сауық нысандарын, сондай-ақ «Қарағайлы» кентіндегі тұрғын үйлерді салу үшін пайдаланады. Өнімнің қалған бөлігі «Сәт Транс» ЖШС мен «Олжас» ЖШС жеткізіледі. Инфрақұрылым проблемасы да шешілген. Жоба бойынша кешен қызметкерлері үшін шаруашылық үй-жайлар тұрғызылып, 50-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.

«Семей механикалық зауыты» ЖШС директорынан лайфхактар:

1.     Қызметкерлерден ештеңе үнемдемеңіз. Сізге риза қызметкер –кәсіпорынның нәтижелі жұмысының кепілі. Біздің ұсақтау-сұрыптау кешенінің қызметкерлері үшін тамақ ішетін, киетін, сондай-ақ ауыр еңбек күнінен кейін душ қабылдайтын бөлмелер бар. Тегін тамақпен және тиімді еңбек үшін барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген.

2.     Негізгі құралдарды үнемдемеңіз. Бүгін біз заманауи ұсақтау-сұрыптау кешенін салдық. Ол бізге өте үлкен сомаға түсті, бірақ біз нәтижесіне толық қанағаттанамыз. Кешен бізге жыл бойы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3.     Мемлекеттік қолдау түрлерін барынша пайдаланыңыз. Бүгінде жоба бойынша біздің бизнеске арналған несие жүктемесін мемлекеттік субсидиялар есебінен айтарлықтай жеңілдетуге қол жеткіздік. Кәсіпкер үшін қаржылық сауаттылық -бБизнес табысының кепілі.

Байланыс: ҚР, Семей қ., 2-ші Водная көш., 9 А. Телефон: 8 (7222) 631628.