info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Павлодарлық компания мемлекеттік бағдарламаның көмегімен заманауи және сапалы жабдықтар сатып алды

Жаңалықтар
15.10.2019

«TROYA» компаниясы Қазақстан нарығында 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Компания мемлекеттік және коммерциялық мекемелер, кәсіпорындар, сондай-ақ жеке компаниялардың кеңселері үшін құрастырылатын, металл және зертхана жиһаздарын жасайды. Тәжірибелі және креативті мамандар сапалы және заманауи жиһаз жасаудың шебері.

мебель для библиотеки.jpg 

Сондай-ақ компания әр түрлі пішінді тұрғын үй блок-модульдері, конструкциялары мен тау-кен металлургия, мұнай-газ, құрылыс, энергетика, темір жол салаларына қажет топтамаларды да шығарады.

Снимок.JPG 

«Біз жиһазды сызба бойынша құрастырып қана қоймай, клиенттерге барынша жайлы жұмыс орнын жасап беруге тырысамыз. Өйткені премиум материалдардан жасалған сапалы жиһаз - сіздің қызметкерлеріңіздің нәтижелі жұмысының кепілі», - дейді «Troya» компаниясының басшысы Бразинский Рафаиль Леонидович.

мобильные блок- модули.jpg       

Компания шығарылатын өнім сапасына басты назар аударғандықтан, заманауи, сапалы жиһаз шығаруға мүмкіндік беретін жаңа жабдықтар сатып алу туралы мәселе туды.

Жабдық сатып алу үшін «ЦентрКредит Банк» арқылы 70 млн теңгеден астам сома несиені «Өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ қолдау бағдарламасы» бойынша 6%-бен алды. «Даму» Қоры кепілдік берді.