info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Бизнесте. Жетістік жолы

Жаңалықтар
30.10.2019

Асел Қалибасова - бизнесін нөлден бастап ашқан жан. Бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан кезде Әселдің басына кәсіп ашу жайлы идея келген. Бизнестегі көп арудың басынан өткен бұл жай Әселді де startup жобаға итермеледі. Іс бастауға 15 жылдан бері қоғамдық тамақтандыру бизнесімен айналысатын ата-анасы қолдау көрсетті.

_DSC6586.jpg

Отбасылық асханаға ата-анасы тәттілерді сырттан сатып алатын. Ол өнімдер ешқашан сөреде ұзақ жатпайтын. Келушілер талап алып кететін. Ата-анасының асханасында жоғары сұранысқа ие тағамдарды өзі шығару мақсатында Әсел кондитерлік цех ашуға бел буды.

Снимок.JPG

Әсел Қайранасқызының бұл бизнес-жобасына «АТФБанк» АҚ «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында несие берді. Кәсіпкер несие қаражатына кондитерлік цехқа арналған ғимаратты сатып алып, жөндеу жүргізіп алды.

_DSC6590.jpg 

Цехтың ашылуы қосымша 2 адамға жұмыс берді. Қазір цехта қала мен облыс тұрғындары арасында тез танымал болып, сұраныс артқан күлше, бәліш өнімдерінің 20-дан астам түрі шығады.