info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қазақстанда тұңғыш май өңдеу зауыты іске қосылды

Жаңалықтар
27.11.2019

Солтүстік Қазақстан облысы, Тайыншы ауданы, Ильичевка ауылында майлы дақылдарды өңдейтін зауыт іске қосылды. «Тайынша май» ЖШС - заманауи қондырғылармен жабдықталған заманауи ауылшаруашылық кластері. Кәсіпорын республикадағы майды қайта өңдейтін жалғыз зауыт.

«Тайынша-Май» ЖШС зауытының Қазақстан экономикасы үшін маңызы:

  1.  ТМД-дағы 300 мың тонна рапс өңдейтін жалғыз зауыт;

  2.  100% экспортқа өнім шығаратын компания. Қазақстандағы ірі экспорттаушы 9 компанияның бірі;

  3.  Қазақстанның инвестициялық картасына енген.

«Даму» қоры мен «Forte Bank» АҚ қолдауымен компания «Қарапайым заттар экономикасы» атты басым жобаларды несиелеу бағдарламасы бойынша алған несиесінің 9%-ын субсидиялады. Инвестиция мен айналым капиталын толықтыруға арналған несиенің төлеуге қалған мөлшерлемесі 6% құрайды.