info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Түркістан қаласында балық шаруашылығы қолға алынды

Жаңалықтар
28.11.2019

Тоспада балық өсіру - ежелгі кәсіп түрлерінің бірі. Оның экономикалық тиімді жағы да жеткілікті. Халықтың балыққа, балық өнімдеріне деген сұранысын байқаған Түркістандық Николай Николаевич Лысенко бір жыл бұрын тоған жасап, балық өсірумен айналыспақ болды.

фото рыбок.jpg

Әзірге балық өсіруге арналған екі тоғанға 10 мыңға жуық тұқы шабағы жіберілді.

IMG-20191121-WA0006.jpg

«Балық өнімдері - бұл пайдалы тамақтың негізгі компоненттерінің бірі. Біз экологиялық таза балықтар өсірмекпіз. Шардара ауданының балық шаруашылығынан шабақтарды қоректендіретін арнайы шөптер тасимыз. Бір жылдан кейін аулаймыз деп жоспарлап қойдық. Сөйтіп жұртқа жыл бойы жаңа ауланған балық ұсынатын боламыз. Тұқы 30-40 сантиметрге дейін өседі және салмағы үш келіге дейін жетеді. Балықтың бұл түрі миға, қалқанша безге, жүйке жүйесі мен теріге өте пайдалы. Қазір төрт адамды жұмыспен қамтыдық», - дейді кәсіпкер Николай Николаевич Лысенко.

IMG-20191121-WA0015.jpg

Бұл кәсіпті ашу үшін кәсіпкер өз қаржысына тоған қазып, тоспа дайындағанмен, арнайы жабдықтарды жалға алу үшін қосымша қаражат қажет болды. «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы осы мақсатта 14%-бен несие алды. Ал «Даму» Қоры сыйақы мөлшерлемесін 7%-ға дейін төмендетуге көмектесіп, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кепілдік берді.
Шаруашылық Түркістан қаласы, 041 учаскеде орналасқан. Тел: 8701 734 61 71