info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Балалар бақытының аралы

Жаңалықтар
05.01.2020

Біз қанша жаста болсақ та, іштей бала көңілімізді ұзақ сақтаймыз. Балалық шақ – үнемі қайта оралғымыз келетін ұмытылмас ғажайып әлем. Сол себепті сәбиге жүрек жылуы мен қамқорлық көрсету өте маңызды. Бала кезде дене мен ақыл-ойдың дамуы қарқынды жүреді. Баланың жағдайын жасау ең алдымен, ата-ананың міндеті десек те, арнайы орталық, балабақшалардың атқарар рөлі де зор. Осындай мектепке дейінгі мекемелердің бірі Қарағандыда орналасқан.

IMG_20191219_181335.png 

«Алуа» мектепке дейінгі шағын орталығы» ЖШС «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Қазақстанның Халық банкі» АҚ @halykbank.kz арқылы ғимаратты жаңарту үшін жеңіл несие алды.

IMG-20191219-WA0014.jpg 

«Алуа» @dmtsalua мектепке дейінгі шағын орталығында таңғы жаттығу, таза ауада серуен, дене шынықтырудан бастап тәрбие, білім берудің кешенді қызметі толық ұсынылған.

 

Бақша қызметкерлері балалардың әр күнін қызықты әрі есте қалатындай етіп өткізуге тырысады. Ата-аналарды балабақша өміріне белсенді қатыстырып өзара сыйластық атмосферасы құрылған.

 

Инстаграмм: @dmtsalua;

Email: Rymbekova78@mail.ru

Мекенжайы: Қарағанды қаласы, 13 ықшамаудан, 8/1

Тел.: +7‒705‒831‒03‒86, +7‒708‒898‒90‒84