info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ОҚО бойынша аймақтық филиалы 2017 жылдың 2 тоқсанындағы жұмысының қорытындысын шығарды

Жаңалықтар
01.08.2017

2017 жылдың екінші тоқсанында «Даму» Қоры мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі шағын және орта бизнесті қаржыландырудың Аймақтық біріккен бағдарламасы шеңберінде «ONтүстік өнімі» қаржы өнімін жүзеге асыруды жалғастырды. Сәйкес несие келісім-шарты а.ж. 14 маусымында, бағдарлама бойынша облыс Әкімдігі мен «Даму» Қоры тепе-теңдік негізде 500,0 млн. теңгеден бөлді, қаражаттың жалпы пулы 1000,0 млн. теңгені құрады.

Екінші тоқсанда «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарлама шеңберінде субсидиялау бойынша жалпы сомасы 3,91 млрд. теңгеге 30 жобаға қол қойылды, кепілдендіру жобасы бойынша 580,0 млн. теңгеден астам сомаға 18 жоба бойынша қол қойылды.

Даму-Оптима бағдарламасы шеңберінде: 2017 жылдың 2 тоқсанында кепіл сомасы 105,0 млн. теңгеге 2 Кепіл келісім-шартына қол қойылды.

2 тоқсанда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен (КҚКО) кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар жеке тұлғаларға бизнесті мемлекеттік қолдау, заң, бизнес-жоспар құру сұрақтары бойынша 1 537 жоғары кеңес берушілік қызметтері ұсынылды, 29 жоба ЕДБ өтініштерін мақұлдағанға дейін сүйемелденді.

Қор Филиалымен аймақтағы кәсіпкерлердің құзіреттік деңгейлерін арттыру үшін қаржылай емес қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде – «Жаңа бизнесті ашуға қолдау» бағдарламасы бойынша өз ісін ашуға ниетті 22 адам оқу курсынан өтті.

Шағын және орта бизнес жетекшілерінің құзіреттілік деңгейін арттыруға бағытталған, «Назарбаев Университеті» АОО бизнестің жоғары мектебі базасында «Шағын және орта бизнес топ-менежментін оқыту» жобасы бойынша оқу курсынан өтуге 38 әрекет етуші кәсіпкер өтініш берді.

«Даму-Көмек» жобасы шеңберінде он мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге өз ісін ұйымдастыруға және дамытуға қолдау көрсетілді.