info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму-Көмек» бағдарламасының демеушілері көбейіп келеді

Жаңалықтар
13.04.2016

«Даму» Қорының Маңғыстау облыстық аймақтық филиалына көмек көрсетуге өтініш білдіруші мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларға «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша көмек көрсетуші кәсіпкерлердің саны күн сайын көбеюде. «Бектұрганова Ж. ЖК», «Ventis (Вентис)» ЖШС және «Абдижалиева ЖК» сәуір айында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетуге шешім қабылдаған.


Исенгалиев Максим Майданұлы жастайынан II-топтағы мүгедек (диагнозы бойынша мылқау). Ол бизнесінің дамуы мен жалғасуына қолдау көрсетеді деген үмітпен «Даму» Қорының Маңғыстау филиалына келген болатын.


Максим Ақтау қаласының тұрғындарына 10 жылдан бері сантехникалық қызмет түрлерін көрсетуде. (құбырларды, бұрағыштарды ауыстыру, кір жуғыш машиналарды қосу және т.б.). Максимге ата-анасы Исенгалиев Майдан мен Исенгалиева Фая қолғабыс етіп келеді. Анасы Максимнің негізгі атқаратын сантехникалық қызмет түрлері туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарына берсе, әкесі тапсырыс берушінің жұмысын қабылдап алып, Максимге жөндеу ісінің мән-жайы мен орналасқан жері туралы ақпарат береді. Максимнің он жылдан бері атқарып келе жатқан қызметіне ешқашан шағым түспеген. Қазіргі таңда Максим үшін лазерлік нивелир, штатив, бұрғы жиынтығы қажет.


Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге 63 000 мың теңгелік демеушілікті «Бектұрганова Ж. ЖК», «Ventis (Вентис)» ЖШС және «Абдижалиева ЖК» көрсетті.

Бағдарлама басталғалы бері Маңғыстау облысы бойынша «Даму-Көмек» бағдарламасы шеңберінде 69 мүгедек кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілген.