info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Гранттан несиеге дейін

Жаңалықтар
07.02.2020

IMG-20200205-WA0008.jpg

«Мастер Макет Қазақстан» ЖШС табыс тарихы – кәсіпкерге мемлекеттен қандай қолдау түрлері бар екенінің айқын мысалы. Компания жарнама нарығында 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Негізінен сыртқы жарнама мен өнеркәсіптік, сәулеттік макеттер жасаумен айналысады. Компания басшысы Жұсіпов Аслан Әбуталипұлы өз фирмасының бірінші жетістігі – жабдықтар сатып алуы, екіншісі – өндірістік цехының болуы дейді. Асланның алдына қойған келесі мақсат – айналымды арттыру, өнім өткізу нарығын кеңейту, сөйтіп, жұмысшы санын 50-ге дейін көбейту. Қазір компания штатында он адам тіркелген.

IMG-20200205-WA0012.jpg 

Әу баста «Макет Мастер Казахстан» ЖШС бизнес-инкубатордың шағын кеңсесінде орналасып, 3D принтерде мектеп, университеттер үшін макет шығарумен айналысты. 2013 жылы компания «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа ие болды. Грант қаражатына қосымша жабдықтар сатып алды. Нәтижесінде, қызмет аясы кеңейіп, тапсырыс арта бастады. Соның арқасында сыртқы және ішкі жарнама жасауға бет бұрды.

IMG-20200205-WA0010.jpg 

Оңай болған жоқ. Құлап, тұрып, сүрінген күндер артта қалды. Бірақ өз идеясына сеніп, табандылық көрсеткен компания еңсесін көтере алды. Кәсіпорын 2017 жылы компания мемлекеттік рәміздер жасауға лицензия алды.

Тұтынушыларға сапалы әрі жылдам қызмет көрсететін «Макет Мастер Казахстан» ЖШС өндірістік цех пен кеңсе орналасатын жеке ғимарат салу керек болған кезде тағы да «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында несие алды. «Қазақстан Халық банкі» АҚ мақұлдаған несие бойынша мөлшерлеме 14,25 % құрап, оның 40%-ын мемлекет субсидиялады. Сондай-ақ, Қор кепілдік берді.

@maket.master.pavlodar