info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қазақстандағы № 1 пиццерия

Жаңалықтар
21.02.2020

Кәсіпкер Сатыбалдин Талғат Қазбекұлы 2016 жылдың наурыз айында жиған-терген 4 000 000 теңгесіне «Гурман» атты пиццерия ашқан. 2017 жылдың соңында ол Петропавл қаласындағы сауда орындарының бірінде «Гурман» пиццериясының екіншісін іске қосты.

   Снимок15.JPG

2017 жылдың ақпан айында кәсіпкер «Додо франчайзинг» франшизасын сатып алып, Көкшетау қаласында да №1 «ДоДо пиццерия» желісін ашты.

Снимок16.JPG 

Бұл нарықта бәсеке жоғары. Бірақ Талғат тұрақты сатып алушылары мен сапалы әрі жылдам қызметінің арқасында қатардан қалып көрген жоқ. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде сауатты насихат жұмыстары да келушілер қатарын азайтпады. «ДоДо Пицца» 60 минут ішінде пицца жеткізеді. Ол уақыттан кешіксе – тегін тастап кетеді. Бұл маркетингтік әдіс те бәсекелестер алдында артықшылық береді. Компанияда 25 адам жұмыспен қамтылған.

Снимок14.JPG 

2019 жылы «Сатыбалдин Т.К.» ЖК «ДоДо пицца» отбасылық пиццериясын Степногорск қаласында да ашуды жоспарлады. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Талғат «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 40 000 000 теңге несиені 14,25%-бен алды. Оның 7,125%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. 17 600 000 теңгеге «Даму» Қоры кепіл болды. Бұл – Талғатқа банктен қажет соманы алуға мүкіндік берді.

Снимок13.JPG 

Қаржыға Степногорск қаласының ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар орнатылды. 2019 жылдың 1 желтоқсанында «Додо Пицца Степногорск» пиццериясы ашылды.

Мекенжайы: г. Степногорск, 3-й микроаудан, 84/3.

Телефон: 8 (707) 447 0707.

Инстаграмм: @dodopizza.stepnogorsk

Сайт: https://dodopizza.kz/stepnogorsk/3mikrorayon843