info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Ақтауда жаңа кондитерлік цех ашылды

Жаңалықтар
28.02.2020

FullSizeRender-21-02-20-03-50.jpg

Урымбасаров Нұркен Сәтжанұлы 2018 жылдан бері Ақтау қаласында ғимарат жалдап, кондитерлік өнімдер, тәтті тағамдар шығарумен айналысып келеді. Өнімдер клиенттің мекенжайына тікелей жеткізіледі. Тұрақты клиенттер қатары қалыптасқан.

FullSizeRender-21-02-20-03-50-1.jpg

Біраз уақыттан соң тапсырыстар көлемі артқан сайын бизнес аясын да кеңейту қажет болды. Нұркен Сатжанұлы жеңілдікпен қаржы алу үшін «Қазақстан Ұлттық жинақ банкі» АҚ-ға жүгінді. Коммерциялық ғимарат сатып алу үшін банк «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 14 миллион теңгені жылына 14,25%-бен берді. «Даму» қоры кепіл болды.

FullSizeRender-21-02-20-03-50-2.jpg

«Candy shop» атты шағын кондитерлік дүкен қазір Ақтау қаласы, 27 м / а, 71 үй, 20 пәтерде деген орналасқан. Жаңа шеберхана толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталған және барлық процесті жүзеге асыратын мүмкіндіктері бар.

 

Мекенжай: Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 27 үй, 71 үй, 20 пәтер

Байланыс тел.: 8 702 334 99 40

Insta: candy.shop.aktau