info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Болашаққа қамқорлық

Жаңалықтар
20.04.2020

Қайыржан Айсин - 9 жылдан бері Петропавлдың тазалығы үшін тер төгіп келе жатқан жас кәсіпкер.

Қайыржанның айналысатын ісінде бәсекелестер мүлдем жоқ деуге болады. Дегенмен, мүмкіндігі мол бұл бизнеспен шұғылданғысы келетіндер де көп емес. Қайыржан эко-белсенді ретінде «Вторсырье» ЖШС құрған. Жарамсыз электр жабдықтары мен макулатура, пластмасса және басқа да пайдалы қалдықтарды жинап, қоқысты бөлек сұрыптап шығаруға шақырады.

Компания қоқыстарды (пластмасса, шыны, макулатура және т.б.), кәдеге жарату қызметін (жиһаз, автомобиль доңғалақтары, мұрағаттық құжаттар және т.б.) ұсынады. Бұл кәсіпті жолға қою үшін қоқыс сұрыптайтын станция сатып алу қажет болды.

Кәсіпкердің өтінімін Сбербанк АҚ @sberbank_kz мақұлдады. Банк талап еткен кепілдік жетпеген кезде «Даму» қоры кепілдік берді.

Қазір қалада пластик пен шыны ыдыстарды жинауға арналған торлы контейнерлер орнатылған. Мекемелер ғимаратына макулатураға арналған эко жәшіктер қойылды. Қайта өңделген заттарды сатудан түскен қаражат есебінен компания аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді.

IMG_20200413_175253.jpg

Жақында кәсіпкер «3.2.1 Старт!» жобасының төртінші маусымында жеңіске жетті. Жарыс өткен жыл соңында басталды. Іріктеу кезеңінде қазылар алқасына шамамен 100 сұраным түсті. Жоба аясында финалистер Алматы қаласында оқып, онлайн режимде эко-бастамаларын қорғады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, жеңімпаздарды таңдау оңайға соқпады. Өйткені финалға жеткендердің қай қайсының жобасы да сауатты, қорғауда да мін жоқ болатын. 4.000.000 теңгені құраған жүлдені үш жеңімпаз өзара бөліп алды.

Енді @321_start жобасының арқасында Петропавлда қайта өңделетін шикізат жинауға арналған ECO CAR @eco_car_petro мобильді жинау пунктінің жұмысы басталады. Оның мақсаты - Петропавлдағы экологиялық жағдайды жақсарту.

Жоба сонымен бірге: Петропавл қаласындағы қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға, қайта өңделетін қалдықтардың көлемін арттыруға, Петропавл тұрғындарын қалдықтарды бөлек жинау мәдениетіне дағдыландыруға бағытталған.

Байланыс:

http://vtorsirie.kz/

@makulatura15

@eco_car_petro

+7(7152)46-85-35;

+7(7152)46-72-55