info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жамбыл облысында тазартылмаған сафлор майы өндірісі дамып келеді

Жаңалықтар
22.04.2020

«Kaz-IrAgro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылы құрылды. Компания егу, жинау, сақтау, май өндіру (сығу), орау және экспорттаумен айналысады. 2011 жылдан бастап сафлор мен басқа да дәнді дақылдарды өсіріп, Қазақстан нарығына «Safloria» сауда белгісімен тазартылмаған сафлор майын шығарып келеді.

Компанияның Жамбыл облысы Шу ауданында 5000 гектардан астам ауыл шаруашылығы жері және 20000 тоннадан астам тұқым сақтауға арналған қоймалары бар.

image-04-05-20-13-25.jpeg

Өнімге сұраныстың артуына байланысты компания басшысы өз қызметін кеңейтуге шешім қабылдады.

2019 жылдың соңында компания «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы айналым қаражатын толықтыруға (сафлор мен зығыр майлы дақылдардың шикізатын сатып алу үшін) несие алды. Мемлекет «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің пайызын субсидиялады.

Сайт: www.safloria.kz

Facebook: Safflower oil Safloria Kazakhstan

Instagram: safloriakz

Телефон: +77012721122; +77273111012