info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

"Геба" компаниясының жетістігі

Жаңалықтар
04.05.2020

«Геба» компаниясы тек Ақтөбе облысы ғана емес, Қазақстанның батыс өңіріндегі жартылай фабрикат өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Соңғы уақытта мұндай кәсіпорындар өніміне сұраныс артып келеді. Бұған халық санының көбеюі, қалалардағы қарбалас тұрмыс пен тұтынушылардың тамақ дайындау уақытын үнемдеуі ықпал етуде. Өндірісте ет өңдеушілердің көпшілігінің стандартына айналған жедел мұздату технологиясы қолданылады. Бұл технологиясыз өндірушілер көрші қалаларға өнім тасымалдап, өндіріс көлемін ұлғайта алмайды. Қазір компания сапалы фабрикат өндірушісі ретінде танылды. Тауарлар негізінен «Дина» сауда желілері арқылы сатылады. Нарық сұранысын ескере отырып, компания өндірістік желілерді жаңартып, ребрендинг жасауға шешім қабылдады.

Жобаны «Даму» Қоры «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында қолдап, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақтөбе филиалы арқылы жылына 6%-бен қаржыландырды. Қаражатқа компания жартылай фабрикаттар шығаратын жабдық сатып алды.

Жаңғырған цех күніне 4 тонна дайын өнім бере алатын болды. 40 адам жұмыспен қамтылған. Шикізатты негізінен жергілікті фермерлерден сатып алады. Келесі жылы компания қалталы және орта шаруадағы тұтынушыларға арналған екі брендті дамытып, өнім түрін алпысқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр.