info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жамбыл облысында «Нұрлы Тараз» ЖШС мемлекеттік бағдарлама бойынша трактор сатып алды

Жаңалықтар
11.05.2020

Жамбыл облысында «ШОБ Бизнес Авто» бағдарламасы шеңберінде «Даму» Қоры https://www.damu.kz/, «Еуразиялық банк» АҚ https://eubank.kz/ және «Нұрлы Тараз» ЖШС арасында үш жақты кепілдік шартына қол қойылды.

«Нұрлы Тараз» ЖШС 2015 жылы қазан айында құрылған. Компанияда 11 адам жұмыс істейді. Негізінен қоқыс, қалдықтар шығару қызметімен айналысады. Көрсетілетін қызмет көлемін арттыру үшін компанияға жаңа трактор қажет болған кезде мемлекеттің қолдауына жүгінбек болды.

Кәсіпорын басшысы Алхан Жұманұлының айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктер – шағын және орта бизнестің тынысын ашады.

Компанияның «Еуразиялық банк» АҚ арқылы, 3 жыл мерзімге алған 7 млн ​​теңге несиенің сыйақы мөлшерлемесі 14% құрады. Оның 5,6%-ын «Даму» Қоры субсидиялады.

Бөлінген қаражатқа кәсіпкер «Беларус 82.1» тракторын сатып алды. Соның арқасында кәсіпкер қатты қалдықтар шығару көлемін арттырып, нарықтағы қызметін сенімді көрсете алады.

«Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз - Сіздің дамуыңыз.