info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Су – тіршілік нәрі

Жаңалықтар
25.05.2020

Атырау қаласының тұрғыны Дарья Солодовникова ұзақ жылдар бойы коммуникация саласында жұмыс істеген. Бизнеспен айналысуға бел буған кезде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, Атырау облысы нарығын зерттей келе, бөтелкедегі тазартылған ауыз су өндірумен айналысуды шешті.

«Біздің өңір ірі өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар орналасқан өнеркәсіптік аймақ. Таза, сапалы ауыз суға сұраныс мол. Бұл - халықтың өмір сүру деңгейін және денсаулығын арттыру негіздерінің бірі», - дейді кәсіпкер Дарья Солодовникова.

Бөтелкеге тазартылған ауыз су құю өндірісіне қажет ғимарат сатып алу үшін кәсіпкер «Банк Центркредит» АҚ арқылы 14,25%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 5,7%-ы субсидияланды. Кәсіпкер тек айырмасын ғана өтейді.

Бүгінде «Солодовникова Д. Д.» ЖК 20 жұмыс орнын ашты. Атырау қаласы бойынша тұтынушыларға ауыз су, минералды, тазартылған су жеткізумен айналысады. Алдағы уақытта компания өндіріс қуатын арттыруды, технологияны жетілдіруді және шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуды жоспарлап отыр.

Мекен-жайы: Атырау қ.

Жұмыскер ш / а, Сахипов к-сі-60 б

байланысу тел: 87758620767, 87760506565

87122231690, 87122491556

инстаграмм:pamir.voda