info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Таңсық ас тасымалдайтын компания

Жаңалықтар
26.05.2020

Польша, Ресей, Германияда шығатын бірегей азық-түлікті шет елге бармай-ақ сатып алу мүмкіндігін қазақстандықтарға «Zaman Kaz-Az» компаниясы ұсынады. Астаналық кәсіпкер Ашрафов Хагани ЗаманОглы Нұр-Сұлтан, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Қарағанды, Павлодар қалаларындағы қоғамдық тамақтану орындары үшін шет елдерден мұздатылған өнімдер жеткізумен айналысады.

IMG-20200518-WA0104.jpg

2016 жылы Хагани Заманоғлы құрған «Zaman Kaz-Az» ЖШС бүгінде табысты компания. Негізгі клиенттерінің қатарында The Ritz-Carlton, Zoloto, Del Papa, Yakitoriya, Coffee Воом, Marrone Rosso сияқты көптеген ірі мейрамханалар желісі бар.

2019 жылғы кәсіпкер «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы өнім түрін арттырып, айналым қаражатын толықтыру үшін несие алды. Жобаға «Даму» Қоры «Даму-Оптима» бағдарламасы аясында кепілдік берді.

Қазір компания өнім туралы толық ақпарат пен прайс көрсетілген сайт жасап, интернет арқылы тауарға тапсырыс қабылдауды жоспарлап отыр.