info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Артемнің арманы

Жаңалықтар
01.06.2020

Ақтөбелік Артем Корнышенко иелік ететін «РемСнабЗапчасть» ЖК автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен майлар жеткізумен айналысады. Тұрақты клиенттері бар, кірісі мен жұмысы қалыпқа түскен кәсіпкер. Бірақ Артем Олеговичтің көкейінде көптен бері сақтап жүрген бір арманы болатын. Ол – ТЖО ашу еді. Яғни, тек бөлшек жеткізіп, май жеткізумен қатар, сол автокөліктерді жөндеп, мотор майын ауыстырып беретін техникалық орталық ашуды көкседі. Оған қажетті құрал-жабдықтарын да сайлап қойған. Тек сатып алуға қаржы табу керек болатын.

b91536a6-58a3-4f99-96fd-2dce01c83e4c.jpg

Арманының жетегімен Артем «Даму» Қорының Ақтөбе филиалына келді. Онда мамандардан қолдау алып, тиісті құжаттарын жинаған соң

«Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы несие рәсімдеді. «Бизнестің жол картасы» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің сыйақы мөлшерлемесі субсидияланды. Сондай-ақ, кепілзатының жеткіліксіздігіне байланысты «Даму» қоры қаржыландыру көлемінің 70%-ына кепілдік берді. Бұл – банк алдында 100% кепілзат ұсынып, техника жөндеу станциясын сатып алуға қажет сомаға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні автокөліктерге қызмет көрету ісі бір минутқа тоқтаған емес. Артемның әріптестері өз клиенттеріне қызмет көрсету сапасын күннен күнге жақсартуды үйреніп келеді. Өйткені клиенттерге деген адалдық пен еңбекқорлық жетістікке жеткізеріне сенімді. Қазір бұл жоба аясында 4 жұмыс орны ашылды.

Instagram: auto_master_1_aktobe/

Телефон: +7 707 979 27 41