info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қызылордада «БЖК 2020 бағдарламасы аясында азот қоспаларын өндіретін зауыт қаржыландырылды

Жаңалықтар
08.06.2020

Аммоний сульфаты ауыл шаруашылығында азот тыңайтқыштарының бірі ретінде кеңінен қолданылады. Аммоний сульфатын ұнтақты (кристалды) түрде пайдалану оны пайдалану процесін айтарлықтай қиындатады. Аммоний сульфатының тұтыну қасиеттерін жақсарту үшін түйіршіктеу керек. Түйіршіктер әдеттегі ұнтақтан әлдеқайда жақсы сақталады (тапталмайды, түйдектеліп қалмайды); сусып тұрады (топыраққа енгізу және мөлшерлеу ыңғайлы); түйіршіктер ұнтақтан ауыр (желмен ұшпайды, жұмыс кезінде ыңғайлы).

PHOTO-2020-05-29-14-46-04.jpg

«Агрохимсервис-С» ЖШС Қызылорда қаласынан 70 км жерде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында 2000 жылдың қыркүйегінде құрылды. Компанияның негізгі қызметі – минералды тыңайтқыштарды (аммоний сульфаты) көтерме сату. Компания күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтарға арналған облыстағы жалғыз ірі тыңайтқыш жеткізуші. 2018 жылдың қыркүйегінде компания қарыз және өз қаражатына зауыт құрылысын бастады және түйіршіктелген минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша жабдықтар сатып алды. Қазіргі уақытта барлық жабдықтар орнатылды, құрылыс жұмыстары аяқталды. 2019 жылдың қыркүйегінде қосымша компания банкке түйіршіктелген минералдық тыңайтқыштарды (аммоний сульфаты) сақтау қоймасына 3 үй-жай салу үшін және шикізат сатып алу үшін қарыз қаражатын беру туралы өтінішпен жүгінді.

PHOTO-2020-05-29-14-46-05.jpg

Кәсіпкерді "Қазақстан Халық Банкі"АҚ қаржыландырды.

"БЖК-2020" бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидияланып, "Даму" Қоры жобаны жүзеге асыруға көмек көрсетті. Сондай-ақ, кәсіпкерге кепілзат жетіспеушілігіне байланысты несие сомасының 50% мөлшерінде "Даму" Қорының кепілдігі берілді.

Айта кету керек, компанияда басқа да табысты жүзеге асырылған қызмет бағыттары бар. 2016 жылы 70 орындық мейрамханасы бар қонақ үй кешені ашылды. 2018 жылы "Августина" медициналық орталығы 1200 шаршы метрді құрайтын ғимаратта өз жұмысын бастады.

Байланыс: Ким Сергей Романович 8 777 260 82 21

Мекенжайы: Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Бұхарбай Естекбайұлы көшесі, 11 үй.