info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Семейде көз микрохирургиясы дамып келеді

Жаңалықтар
09.06.2020

«Офтальмологиялық патологияны уақытылы анықтау – көптеген көз ауруларын сәтті емдеудің кепілі» - дейді «SEMEIOFTUM» офтальмологиялық клиникасының директоры Сандыбаева Меңсұлу Ексанқызы.

1.jpg

Семей қаласының №1 аралас үлгідегі емханадада 25 жыл жұмыс істеген дәрігер-офтальмолог Меңсұлу Ексанқызы «SEMEIOFTUM» жеке диагностика орталығын ашты.

Қабылдауды тәжірибелі мамандар, лазерлік хирургтар Назерке Бағданқызы Қайыржанова мен Әйгерім Мұхтарбекқызы Ешкенова жүргізе бастады. Талантты дәрігерлер мен қамқор медбикелерден құралған бұл команда көз диагностикасын жүргізу арқылы проблеманы анықтауға және дәл диагноз қоюға көмектеседі.

Меңсұлу бұл жетістікпен тоқтап қалмай, офтальмологиялық тексеру жүргізу үшін, сондай-ақ хирургиялық операциялар арқылы көз ауруларын емдеу үшін жаңа жабдықтарды сатып алу мақсатында «ЦентрКредит Банк» АҚ арқылы 14,95%-бен несие алды. Оның 8,95%-ын мемлекет «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялады. «Даму» Қоры ішінара кепілдік берді.

2.jpg

Бүгінгі күні «SEMEIOFTUM» офтальмологиялық клиникасы озық технологияларды, жаңа жабдықтарды және хирургияның прогрессивті әдістерін қолдана отырып жүз пайыз сапалы, сенімді, қауіпсіз ем жүргізеді.

Мекенжай: ШҚО, Семей қаласы, Шәкәрім көшесі 2 "Б".

Байланыс телефоны: 8 7222 56 00 30

8 776 26 94 83

Instagram: @semeioftum