info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жамбыл облысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Агадил ЖК» қолдау алды

Жаңалықтар
11.06.2020

«Даму» Қорының қолдауымен жеке кәсіпкер Кенжеадилов Ағәділге 2019 жылы «Ма-Нұр» қонақ үй кешенін сатып алу үшін несие мақұлданды.

PHOTO-2020-05-22-16-45-57.jpg

Бүгінде Тараз қаласында қонақ үй қызметтеріне сұраныс тұрақты өсуде. Бұл ең алдымен, қалада көрме, конференция мен семинарлар, сондай-ақ спорттық жарыстар мен гастрольдердің тұрақты өтіп тұруымен байланысты. Бірінші кезекте қаланың орталығында орналасқан шағын қонақ үйлер сұранысқа ие. Сондықтан бұған жұмсалған қаражат пен еңбек ақталады.

Несиені «Сбербанк» АҚ ЕБ «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мақұлдады. Банктің сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрады. Сондай-ақ жобаға «Даму» Қоры кепілдік берді.