info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Саламатты болашақ үшін жаңа технологиялар

Жаңалықтар
15.06.2020

«Талап» АҚ медициналық орталығы – Орал қаласындағы жетекші жеке клиникалардың бірі. Компанияның басты ұстанымы - үнемі қызмет сапасын жетілдіру: жаңа технологияларды енгізу, оңтайлы бағамен жоғары сапалы қызметтерді ұсыну. Жыл сайын компанияның барлық клиникаларында жабдықтар соңғы үлгімен жаңарады. Мұнда жоғары білікті мамандар әр науқас үшін жайлы жағдай жасауға тырысады.

Жаңа медицина жабдықтарын сатып алу керек болған кезде компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие рәсімдеді. Бұл бағдарлама шарты бойынша «Даму» қоры несие сыйақы мөлшерлемесінің 9%-на дейін субсидиялайды.

Биыл маусым айының басында «Талап» медициналық орталығында МРТ бөлмесі (магниттік-резонансты томография) ашылды.

Мекенжайы: Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 126

Тел. 8-7112-514-019

Инстаграм: @talap.ao

Сайт: talap.com

Даму Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз