info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Тауар сақтау ісінің үздігі

Жаңалықтар
16.06.2020

«Сайбер» ЖШС 20 жылдан бері жанар-жағар май сату, мұнай өнімдерін сақтау, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру, Қарағанды ​​және Ақмола облыстары аумағында жүк сақтау және қоймаға салумен айналысады.

- «Өздеріңіз білесіздер, қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін қоймада азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сақтау мен өткізу қазіргі таңда өте қажет қызметтердің бірі. Жылдан жылға халық тұтынатын тауар өндірушілер саны артып келеді және осы өнімді сақтайтін, сақтау мен сатуға қойылатын барлық талаптарды ескеретін заманауи типті қоймалар өте аз. Біздің компания жүк сақтау және қоймаға салуда сенімді серіктес ретінде танылған. «Прима Дистрибьюшн» ЖШС, «Южный» супермаркеттер желісі, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, «SINOOIL» ЖШС, «Авангард плюс» сияқты ірі компаниялар бізбен әріптес», - дейді компанияның қаржы директоры Берік Бахриденов.

Өткен жылы «Сайбер» ЖШС «Сбербанк» АҚ ЕБ-дан жаңа заманауи типтегі қойма кешенін салу үшін жылына 14%-бен қаржы алды. «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады. Соның арқасында кәсіпкер жылына 8% жеңілдікпен несие төлейді.

 Мекен-жайы: Қарағанды ​​қаласы, Складская көшесі, 2а

Электрондық пошта: sayber-333@mail.ru

Байланыс тұлғасы: Бахриденов Берік

Ұялы телефон: 8 775 731 81 14