info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Шымкентте үздік шыны мозайкалар шығады

Жаңалықтар
03.07.2020

«Гидрострой Шымкент Групп» ЖШС – 2018 жылдың мамыр айында Испания, Италия сияқты елдердің заманауи технологияларын негізге ала отырып құрылды. Бүгінде компания қызмет пен өнім сапасы, клиенттің көңілінен шығып, кез келген күрделі тапсырыстарды (декор, тақта кілемдер) орындай алуының арқасында тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болып үлгерді.

IMG-20200630-WA0098.jpg

Қазақстандағы тұңғыш шыны мозаика өндірушісінің «Gidrostroy glass mosaic» бренді – қабырға безендіру, әшекейлеу, еден, бассейн, фонтан сияқты көптеген әрлеу жұмыстарына пайдалануға өте тиімді және ыңғайлы өнім. Бұл материалдың алуандығы тіпті керамиканы жолда қалдырады. Интерьерді безендіруге арналған материал көп. Бірақ шыны ұзақ уақыт бойы тек мөлдір күйінде ғана шығарылып келді. Қазір шыны өңдеу және өндіру технологияларының дамуының арқасында материалдың құнын төмендетіп, едендер мен қабырғаларды әрлеу үшін шыны мозаика жасауға да мүмкіндік туды.

IMG-20200630-WA0100.jpg

2019 жылы кәсіпкер Олег Хатамов кәсіпорынға қажет құрал-жабдықтар сатып алу және айналым қаражатын толықтыру қажет болған кезде «Даму» қорына жүгінді. Жобаны «АТФБанк» қолдап, 14,25%-бен несие берді. Оның 7,13%-ын «Даму» қоры субсидиялап, жетпеген кепілзат орнына өз кепілдігін берді.

Тел: +7 7755188888, +77027481862

Сайт: www.gidrostroy.kz

Instagram: @gidrostroy_glass_mosaic

эл. пошта: hydro_stroy@mail.ru