info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Имана-фарм» cіздің денсаулығыңыз үшін жұмыс істейді

Жаңалықтар
17.07.2020

Көкшетау фармацевтикалық қызмет нарығында 2019 жылдың маусым айында дәрілік препараттар мен медициналық маңызы бар бұйымдарды сататын «Имана-фарм» ЖШС пайда болды. Кәсіпкер Погудина Валерия Александровна ашқан «Euromed» дәріханасы Көкшетау қаласының қалалық ауруханасы мен перзентханасы ауданында ыңғайлы орналасқан. Сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кәсіпкер биыл айналым капиталын толықтыру қажет болған кезде «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 6% сыйақы мөлшерлемесімен 10 млн теңге алып, дәріханаға қажетті тауарлар сатып алды.

Мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 85а
Телефон: 87472229992.

Аккаунт: @apteka_euromed

Даму Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз